Қаңғыбас иттердің отряды
Осы алматыда не көп, қаңғыған иттер көп. Қаңғыбас иттердің отрядын Абай даңғылының қақ ортасынан да кездестіруге болады. Ол иттердің денсаулықтарын ешкім бақылап жатқан жоқ. Олардың қаншасы құтырған ит екендігін Құдай біледі.
Жақында Қызылордада бес жасар баланы құтырған ит қауып алыпты. Дәрігерлерге қаралмағандықтан бала құтыру ауруынан көз жұмған. Осындай жағдайдың еліміздің ең үлкен қаласы саналатын Алматыда орын алмасына ешкім кепілдік бере алмайды.
Қаланың қолында билігі бар шенеуніктері қымбат көліктерге мініп, қаланың ең таза, ең жайлы көшелерімен жүрып, ең қымбат әрі ең қауіпсіз аймақтарында тұратындықтан ба, соқыр адам да байқап қалатын келеңсіздіктерге мән бермейді.
СЭБ басқармасы ма еді қаңғыбас иттерді аулайтын? Кім болса да қаңғыбас иттерді аулаудан пара алмайтын болғандықтан басын қатырып жатпайтын секілді. Мұндай іске МАИшниктерді жексең де іс өнбейді
Әрі қарай